Warning: Undefined global variable $headerType in /var/www/vhosts/p.testim.kz/5.p.testim.kz/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Оқыту мерзіміНегізгі орта білім базасында (9 сынып) - 2 жыл 10 ай
Оқыту тіліҚазақ тілі
Мамандыққа жалпы сипаттама
Бүгінде ғылыми-техникалық жаңалықтарға байланысты электр қондырғылары мен жабдықтарының сапасы артып келеді. Өндірістік мекемелердің электр жабдықтары күрделеніп жатқандықтан, оларды пайдалану, жөндеу және монтаждауды дұрыс ұйымдастыру - негізгі талаптардың бірі. Оқу барысында студенттер инженерлік-техникалық жұмыстарды дербес жүргізуді және тиімді ұйымдастыруды үйренеді.
Кәсіптік қызмет сферасы
Жарықтандыру электромонтері - монтаждаушысы;
Әуе желілері электромонтері - монтаждаушысы;
Кабельді желілер электромонтері - монтаждаушысы;
Жоғары кернеу (380 В) электромонтері - монтаждаушысы.
Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері
ЖШ
Жакиева Шапағат Жолдасқалиқызы
Өндірістік оқыту шебері, Алматы қаласы Энергетика және байланыс университетінің түлегі.
ЕН
Ембергенов Назарбек Даулетназарович
Өндірістік оқыту шебері
ДН
Далабаева Нұргүл Есенбекқызы
Арнайы пән оқытушысы
Тау-кен өнеркәсібі
07240900 - Мұнай және газ кен орындарын пайдалану
Біліктілік: 3W07240901 - Оператор, 4S07240902 - Техник - технолог
Толығырақ көру
Оқыту мерзімі9 / 11 сынып - 2 жыл 10 ай
Оқыту тіліҚазақ тілі
Мамандық сипаттамасы
Мұнай және газ өндіру операторы мұнай, газ және газ конденсатын өндіру, айдау және дайындау бойынша технологиялық процесті жүргізеді.
Кәсіптік қызмет сферасы
Мұнай және газ өндіру операторы;
Ұңғымаларды зерттеу операторы;
Техник-технолог.
Оқытушылар құрамы
АК
Абдрахимова Клара Каженовна
Арнайы пән оқытушысы
Мейрамхана бизнесі
10130300 - Тамақтандыруды ұйымдастыру
Біліктілік: 3W10130302 - Аспазшы
Толығырақ көру
Оқыту мерзімі9 сынып - 2 жыл 10 ай
Оқыту тіліҚазақ тілі
Мамандық сипаттамасы
Білім алушылар балықты, шикізатты, етті және басқа да өнімдерді, гастрономиялық бұйымдарды, десерттерді өңдеу бойынша білімді игереді.
Оқытушылар құрамы
АК
Абдушева Карлыгаш Есеновна
Өндірістік оқыту шебері
Тігін өнеркәсібі
07230100 - Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу
Біліктілік: 3W07230102 - Арнайы тігінші
Толығырақ көру
Оқыту мерзімі9 сынып - 2 жыл 10 ай
Оқыту тіліҚазақ тілі
Мамандық сипаттамасы
Арнайы тігінші әртүрлі материалдардан (маталар, трикотаж, теріден) бұйымдарды пішу мен тігудің технологилық процестерін орындайды.
Оқытушылар құрамы
ДМ
Джумаева Майра Оразгалиевна
Өндірістік оқыту шебері
Энергетика
07130700 - Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
Біліктілік: 3W07130701 - Электр жабдықтарын монтаждаушы
Толығырақ көру
Оқыту мерзімі9 сынып - 2 жыл 10 ай
Оқыту тіліҚазақ тілі
Мамандық сипаттамасы
Оқу барысында студенттер инженерлік-техникалық жұмыстарды дербес жүргізуге, электр жабдықтарын монтаждауды, пайдалануды және жөндеуді үйренеді.
Оқытушылар құрамы
СБ
Сулейменов Бериккали Мұханбетжанович
Өндірістік оқыту шебері
Метал өңдеу
07150300 - Токарлық іс (түрлері бойынша)
Біліктілік: 3W07151101 - Токарь
Толығырақ көру
Оқыту мерзімі9 сынып - 2 жыл 10 ай
Оқыту тіліҚазақ тілі
Мамандық сипаттамасы
Токарь — металдан, пластмассадан және басқа да материалдардан жону станоктарында әртүрлі бөлшектерді өңдейтін, дайындайтын маман.
Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша)
3W07130701 Электр жабдықтарын монтаждаушы
15
15
2 жыл 10 ай
—
—
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 9-сынып базасында: 2 жыл 10 ай
Электр жабдықтарын монтаждаушы – кәсіпорындағы электр және электромеханикалық жабдықтарға қызмет көрсететін, монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізетін білікті маман.
Міндеттеріне келесілер жатады:
Электр және электромеханикалық жабдықтарға техникалық пайдалану және қызмет көрсету;
Тұрмыстық және өндірістік машиналар мен аспаптарға қызмет көрсету;
Электр жабдықтарын іске қосу, реттеу, баптау және сынау;
Пайдалану объектісінде электр қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету.
Қолданылу аймағы және жұмыс орындары: Энергетикалық кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар, құрылыс компаниялары, тұрмыстық және өндірістік электр жүйелеріне қызмет көрсететін барлық жеке әрі мемлекеттік мекемелер.
2
07150500
Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)
3W07150501 Электргазымен дәнекерлеуші
15
15
2 жыл 10 ай
—
—
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 9-сынып базасында: 2 жыл 10 ай
Электргазымен дәнекерлеуші – металл конструкцияларын, құбырларды және әртүрлі бөлшектерді электр доғасы мен газ ағынын пайдалана отырып қосатын, өңдейтін техникалық маман.
Міндеттеріне келесілер жатады:
Металл бұйымдары мен құрастырмаларын электр доғалы және газбен дәнекерлеу;
Дәнекерлеу тігістерінің сапасын тексеру және ақауларды жою;
Әртүрлі күрделіліктегі металл конструкцияларын пішіндеу, кесу және жинақтау;
Дәнекерлеу жабдықтары мен баллондарды қауіпсіз пайдалану.
Қолданылу аймағы және жұмыс орындары: Құрылыс объектілері, машиножасау зауыттары, мұнай-газ секторы, автожөндеу шеберханалары және коммуникациялық инфрақұрылым компаниялары.
3
07240900
Мұнай және газ кен орындарын пайдалану
3W07240901 Оператор
15
15
2 жыл 10 ай
—
—
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 9-сынып базасында: 2 жыл 10 ай
Оператор – мұнай мен газды өндіру, дайындау, айдау және сақтау процестерін тікелей бақылап, техникалық құралдар мен скважиналарды басқаратын маман.
Міндеттеріне келесілер жатады:
Мұнай және газ ңұңғымаларының (ұңғымалардың) жұмыс режимін бақылау және реттеу;
Технологиялық жабдықтар мен сорғы станцияларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
Өндіру көрсеткіштерін есепке алу және бақылау-өлшеу аспаптарының мәліметтерін тіркеу;
Кен орнында өрт және өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау.
Қолданылу аймағы және жұмыс орындары: Мұнай-газ өндіруші компаниялар, бұрғылау мекемелері, мұнай өңдеу зауыттары және мұнай тасымалдау кәсіпорындары.
4
07150300
Токарлық іс (түрлері бойынша)
3W07150301 Токарь
15
15
2 жыл 10 ай
—
—
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 9-сынып базасында: 2 жыл 10 ай
Токарь – арнайы токарлық станоктарда металдарды, қорытпаларды және басқа да материалдарды жонып, өңдейтін, жоғары дәлдіктегі бөлшектерді дайындайтын маман.
Міндеттеріне келесілер жатады:
Сызбалар мен техникалық құжаттамалар бойынша бөлшектерді өңдеу және дайындау;
Токарлық станоктарды баптау және кескіш құралдарды таңдау;
Бұрандалар кесу, цилиндрлік, конустық және пішінді беттерді жону;
Өлшеуіш аспаптардың (штангенциркуль, микрометр) көмегімен бөлшек дәлдігін тексеру.
Қолданылу аймағы және жұмыс орындары: Машина жасау, металл өңдеу зауыттары, жөндеу-механикалық шеберханалары және өндірістік кәсіпорындар.
5
07230100
Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу
3W07230102 Арнайы тігінші
15
—
—
15
10 ай
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 11-сынып базасында: 10 ай
Арнайы тігінші – киім модельдеу, пішу, әртүрлі маталардан арнайы киімдер мен тігін бұйымдарын пішіні мен технологиясына сай тігу маманы.
Міндеттеріне келесілер жатады:
Әртүрлі күрделіліктегі киімдер мен арнайы киімдерді пішу және тігу;
Заманауи тігін жабдықтарымен және жартылай автоматтармен жұмыс істеу;
Бұйымдарды ылғалды-жылумен өңдеу (үтіктеу, пішін беру);
Тігін бұйымдарының сапасын тексеру және ақауларды жою.
Қолданылу аймағы және жұмыс орындары: Тігін фабрикалары, ательелер, сән үйлері, арнайы жұмыс киімдерін өндіретін цехтар мен жеке кәсіпкерлік нысандары.
6
10130300
Тамақтандыруды ұйымдастыру
3W10130302 Аспазшы
15
—
—
15
10 ай
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 11-сынып базасында: 10 ай
Аспазшы – тағам дайындау рецептурасы мен технологиясын меңгерген, қоғамдық тамақтандыру орындарында ас мәзірін әзірлейтін және тағамдарды безендіретін кәсіби маман.
Міндеттеріне келесілер жатады:
Суық және ыстық тағамдарды, сусындар мен аспаздық бұйымдарды дайындау;
Азық-түлік өнімдерін бастапқы және кулинарлық өңдеуден өткізу;
Дайын тағамдарды безендіру және сатуға ұсыну;
Санитарлық-гигиеналық нормалар мен азық-түлікті сақтау шарттарын қатаң сақтау.
Қолданылу аймағы және жұмыс орындары: Ресторандар, дәмханалар, асханалар, мейманхана кешендері, балабақшалар мен мектептердегі тамақтану блоктары.
16 қыркүйек пен 20 қыркүйек аралығында «Тәуелсіз ел – Мәртебелі тіл» мемлекеттік тіл апталығы өткізілді, оның мақсаты – студенттердің патриоттық сезімін ояту; мемлекеттік тілді және ел тарихын зерттеу қажеттілігін тудыру; қазіргі заманда қазақ тілінің дамуына студенттердің назарын аудару; Қазақстан халықтарының мәдени мұраларына қызығушылықты ояту.
Пән бойынша сыныптан тыс іс-шаралар аясында «Жүзі басқа болса да, тілегі бір» апталығының ашылуы, «Сыр сандық» көрмесі, «Тілден терен теңіз жоқ» викторинасы, «Тіл - тату тірегі» челленджі өткізілді. , зияткерлік ойыны және «Тіл кеш, бұғын, ертен» апталығының жабылуы.
Мемлекеттік тіл апталығының бағдарламасы мазмұнды да қызықты болды. Мемлекеттік тіл апталығының қорытынды кезеңі «Дорба шоу» болды.
В период с 16 сентября по 20 сентября прошла неделя государственного языка «Тәуелсіз ел – мәртебелі тіл», целями которой является воспитание у учащихся чувства патриотизма; формирование потребности изучения государственного языка, истории страны; привлечение внимания учащихся к вопросам развития казахского языка в современном мире; привитие интереса к культурному наследию народов Казахстана.
В рамках внеурочной деятельности по предмету проведены следующие мероприятия: открытие недели «Жүзі басқа болса да, тілегі бір», выставка «Сыр сандық», викторина «Тілден терең теңіз жоқ», челлендж «Тіл – татулық тірегі», интеллектуальная игра и закрытие недели «Тіл кеше, бүгін, ертең».
Программа недели государственного языка была насыщенной и интересной. Заключительным этапом недели государственного языка стало «Дорба шоу».
"Білім негізі - Бастауыш"
Сыныбы: 0 "А"
Сынып жетекшісі: Жұмаш Мәдина Сәбитқызы
4 наурыз күні 0 "А" сыныбында "Әріптер әлемі негіздері" пәнінен "Н" дыбысы мен әрпі тақырыбында анимациялық сабақ өткізілді.
Сабақты "Шаттық шеңберінде" тұрып, үш тілде өлең айтумен және жылы лебіз білдірумен бастады.
"Раушан", "Түймедақ", "Қызғалдақ" гүллері арқылы топқа бөлінді.
Сабақ мақсаты толық айқындала отырып, барлық дайындалған топтық және жеке жұмыстар жүргізілді. Интербелсенді тақта арқылы барлық тапсырмалар берілді.
Топтық жұмыстарын өзара және жеке бағалау жұмыстары жүрді, сондай-ақ сергіту сәті бимен өткізілді.
Сабақ соңын қорытынды сұрақтар қою арқылы және балаларды бағалау мақсатында смайликтер берілді.
Абылай Хан атындағы 140 қазақ мектебінде "Мерген ару - 2022" атты мергендер сайысы өтті.
Мектептің 10 сынып қыз балалары қатысқан сайыстың негізгі мақсаты нәзік жанды арулардың әскери жаттығудағы ұқыптылығы мен жылдамдығын тексеру. Мектеп қыздары білімділіктерімен қатар әскери жаттығуға да епті екенін көрсетті. Айта кетейік, мектебіміздің Алғашқы әскери дайындық мұғалімі Жүсіпов Нұрым. Аталған шарада "Жас Сарбаз" үйірмесінің мүшелері әскери жаттығу тапсырмаларын көрсетіп тәнті етті.
Сайысқа қатысқан қыздарды мектеп директоры арнайы марапаттады. Рустемқызы Ақерке
Ербаева Қымбат
Қадыр Дана, Муслимова Диана, Маеат Нұрсая, Абдулсовет Айсәуле.
"БІЛІМ НЕГІЗІ - БАСТАУЫШ"
Сынып жетекшісі: Пауадинова Назгүл Пауадинқызы
3 наурыз күні 3 «Г» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Ауырлық күші дегеніміз не?» тақырыбында зерттеу сабағы болып өтті.Үй тапсырмасын элективті тест әдісі арқылы қорытындылап,жаңа сабақ дене шынықтыру пәнімен байланысып, балалар жаңа сабақтың тақырыбын ашты.Яғни, жеңіл, ауыр зілтемірлерді салыстыру арқылы салмақтарының екі түрлі екенін аңғарды. Сабақ тақырыбына сай топтарға бөлінді.Сабақ барысында зерттеу жұмысы жүргізіліп, топтық, жұптық тапсырмаларды орындауда өз белсенділіктерін танытты.
Әр тапсырма бойынша бағалау жүргізілді.
Сабақ соңында кері байланыс жасалып, көңілді әуенмен аяқтады
"Білім негізі - Бастауыш"
Сыныбы: 0 "Ә"
Сынып жетекшісі: Әлжан Ұлбосын Раматуллақызы
2 наурыз күні 0 "Ә" сыныбында Сауат ашу негіздері пәнінен "Б" дыбысы мен әрпі тақырыбында анимациялық сабақ өткізілді.
Сабақты үш тілде сәлемдесіп, "Шаттық шеңберінде" тұрып, үш тілде өлең айтумен басталды және жылы лебіз білдірумен басталды.
"Бәйтерек", "Балапан", "Ботақан" сөздері арқылы топқа бөліне отырып, хатқалта ішіндегі суреттерді құрастыру арқылы толық мәлімет берілді.
Сабақ мақсаты толық айқындала отырып, барлық дайындалған топтық және жеке жұмыстар жүргізілді. Интербелсенді тақта арқылы барлық тапсырмалар берілді.
Топтық жұмыстарын өзара және жеке бағалау жұмыстары жүрді, сондай-ақ сергіту сәті бимен өткізілді.
Сабаққа қатысып отырған білікті мұғалімдерге "Б" әрпіне байланысты балаларға ыстық лебіздерін айтуға тапсырма берілді.
Сабақ соңын қорытынды сұрақтар қою арқылы және балаларды бағалау мақсатында бауырсақ берілді.
"БІЛІМ НЕГІЗІ - БАСТАУЫШ"
Сыныбы 3 “Д”
Сынып жетекшісі Тұрсынова Анар Серікқызы
3 наурыз күні 3 “Д” сыныбында қазақ тілі пәнінен “Сын есім” тақырыбы бойынша мотивациялық сабақ өткізілді.
Мақсаты: Сын есім дегеніміз не екенін анықтау. Сын есімдерді табу, мәтінді талдауды, тапсырмалар арқылы өздігінен ой қосуды үйрену.
Сабақ барысында “Сиқырлы сандар”, “Қолшатыр “, “Коллаж әңгіме” әдістері қолланылды.
АКТ құралдары тиімді пайдаланылды. Сабақ өте қызықты өткізілді.
Ойын арқылы сабақ қорытындыланып, кері байланыс жасалды.
Сыныбы: 1"В"
Сынып жетекшісі: Әбдіқалиева Жарқынай Байжігітқызы
Пәні: Ана тілі
Тақырыбы: "Мәтін. Саусақ жаттығулары" танымдық сабақ
МАҚСАТЫ:Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен арқылы ойды ым-ишара арқылы қимыл көрсету.
Coogle форм арқылы өткен сабақты ұялы телефоннан тест тапсырмасы орындалды.
Саусақ жаттығулары өлең шумақты QR арқылы тыңдалым және сандар реті арқылы Сөздік диктант орындалды.
Мектеп дефектологы Сейтжапбарова Қарлығашпен тыныс алу және тіл,ми дамыту нейрожаттығу, саусақ жаттығулары жүргізілді.
Мақсатқа бағытталған топтық, жұптық,жеке жұмыстар жүргізілді.
Оқушы мен мұғалім арасында кері байланыс жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 3 наурыз күні психология апталығы аясындағы "Бояулармен сырласу" арт-терапиясы өтті
Никтография-жіппен сурет салу, бұл дәстүрлі емес әдістің бір түрі. Оның көмегімен оқушылар ерекше қолөнер түрлерін жасай алады және олардың барлығы да оқушының шексіз қиялында пайда болады. Сонымен қатар өз сезімдерін талдауға үйренеді.
Негізгі мақсат
Балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту және көркемдік шеберлік пен эстетикалық талғамға баулу.
Жіппен сурет салу оқушылардың бейнелі ойлауын дамытып қана қоймай, қандай да бір дәстүрлі емес жағдайларға шығармашылық көзқараспен қарауға көмектеседі. Мұндай өнер табандылыққа, шыдамдылыққа, өзін өзі басқаруды үйренуге көмектеседі.
ҒЫЛЫМИ ТАНЫМДЫҚ КІРІКТІРІЛГЕН сабақ
"Алып та анадан туады" – деп бекер айтпаса керек-ті дана бабаларымыз. Осы бір ауыз сөздің өзі-ақ "ана" деген құдіреттің қандай екенін көрсетіп тұр. Әлемде қанша мейірім атаулы болса да, сонша мейірім ананың баласына деген кішкене мейіріміне жете алмайды. Ол – құдірет! Ол – шексіз махаббат! Ол – ғаламат сезім!
Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының коворкинг орталығында Абылай хан атындағы № 140 қазақ орта мектебінің 6 “А” сынып жетекшісі Сатыбалдиева Гүлмира «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, «Оқуға ұсынылған 100 кітап» жоба негізінде танымдық сабақ өткізді. Сабаққа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі А.Оспанова, мектеп кітапханашы М.Бегманова қатысты. Олар жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты Оралхан Бөкейдің өмірі және шығармашылығымен танысты.
8-наурыз халықаралық Әйелдер мерекесіне орай өткізілген сабаққа «100 кітап» жобасы және қазақ тілі мен әдебиет, тарих пәндері кіріктіріліп, жазушының "Апамның астауы" атты әңгімесіне ерекше тоқталды. Оқушылар шығарманың үзінділерін сезіммен оқыды. Шығарма арқылы адамның жан-дүниесіндегі анаға деген құрметі және анаға деген махаббатын сезінді.
ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ
Абылай хан атындағы № 140 орта мектебінде 2022 жылдың 2 наурыз күні құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндірудің бірлескен жұмыс кестесі бойынша
"Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның" 2021 жылдың 21 желтоқсандағы № 4 отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Профилактикалық шараға 8-11 сынып окушылары қамтылды
«БІЛІМ НЕГІЗІ- БАСТАУЫШ»
Сыныбы: 1 "Б"
Сынып жетекшісі: Айнура Жалиева Айбергенқызы
2 наурыз күні 1 «Б» сыныбында дүниетану пәнінен «Елімнің мемлекеттік рәміздері»
тақырыбында саяхат сабақ өткізілді.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату.
Сабақ шаттық шеңберінде жылы лебіздер айтудан басталып, психологиялық ахуал құрылды.
Саяхат сабағында жас ерекшелігіне сай топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізілді.
Заман талабына сай АКТ құралдарын пайдалану арқылы жүргізілген сабақ қызықты өтті.
Сабақ жоспары пәнаралық байланыс, сергіту сәті, бағалау түрлері жаңартылған бағдарлама негізінде құрылған.
Әр жұмыстан соң өзара және топтық жұмыстарын бағалау жұмыстары жүргізіліп, бағаланып отырды. Ойын арқылы сабақ қорытындыланып, кері байланыс жасалды.
Ағымдағы жылдың 2 наурыз күні "Жаңашылдық-заман талабы" атты психология апталығы аясында #Hand_made тақырыбында оқушылармен арт-терапия өткізілді. Арт-терапияның негізгі мақсаты
Бойыңдағы қорқыныш пен үрейден арылу;
Қиялдағы көріністерді би, ән, сурет арқылы жүзеге асыру;
Рефлексті анализ: жұмысыңмен таныстырып, сезімдермен бөлісу.
"Hand made" арт-терапиясы білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, өнердің қыр-сырын жан-жақты үйреніп, баланың сурет салу дағдысын, ойлау, елестету қабілеттерін ашу, өзге достарын тыңдап, олардың өнерін тамашалау қабілеттерін арттырады.
Арт-терапия бұл тек емдеу ғана емес, ол тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі және кез келген жағдайды шешуге көмек. Сонымен қатар өнер арқылы емдеудің табиғи әрі қолайлы әдісі болып табылады. Арт-терапия шектеусіз. Әр адам өзінің сезімі мен ішкі жағдайын шығармашылық арқылы көрсете алады.
Жаңашылдық-заман талабы
Мектеп оқушылары күнделікті өмірде түрлі топтармен, өзге ортамен араласа отырып қарым-қатынас жасайды. Ал оқушылар қарым-қатынасының негізгі объектісі - олардың ұйымшылдығы мен бірлігі, ортақ психологиялық ахуал, әрбірінің көңіл-күйі, мақсат-мүддесі әлеуметтік-психологиялық ортада өзекті жайт ретінде қарастырылады.
Мектебімізде 28 ақпан мен 5 наурыз аралығында жүргізілетін «Жаңашылдық-заман талабы» тақырыбында психология апталығы бастау алды. Аталмыш психологиялық апталықтың мақсаты
Білім беру мекемелерінде оқушылардың психологиялық саулығын сақтау және нығайту бойынша жағдай жасау;
Оқушылар мен мұғалімдердің психологиялық құзыреттілігін арттыру;
Бір-бірімізге көтеріңкі көңіл- күй сыйлау
Апталық жоспарына сәйкес аптаның әр күні арнайы тапсырмалар мен позитивті көңіл - күй сыйлайтын "Қолайлы орта", "Шығармашылық аймақ", "Жайлы демалыс" бағыттары бойынша ойындар, тренингтер ұйымдастырылады. Апталықтың алғашқы күнінде әр баланың қимыл-қозғалысын белсенділігін арттыру, ұжымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу мақсатында сыныптарда «Алақандар» акциясы өткізілді.
"БІЛІМ НЕГІЗІ - БАСТАУЫШ"
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС
Сыныбы: 4"Б"
Сынып жетекшісі: Омарқұлова Жадыра Шайхықызы
Тақырыбы: "MAGIC NUMBERS" (Сиқырлы сандар)
Мақсаты:
оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктерін кеңейте және тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту, математикаға қызығушылығын арттыру, табандылыққа, еңбексүйгіштікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілі: "Шапалақ" әдісі, "Шаршы шапшаңдығы"